Головкин мен Муратаның жекпе-жегі қашан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата 28 желтоқсан күні Токиода орта салмақтағы чемпиондық титул үшін бірлескен жекпе-жек өткізетіні туралы түбегейлі келісімге келді. Бұл туралы The Athletic мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

39 жастағы Головкин (41-1-1, 36 КО) – IBF және IBO титулдарының иегері, соңғы айқасын 2020 жылдың желтоқсанында өткізді. Жетінші раундта поляк Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді. Ол мансабында бір-ақ рет мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапқан.

35 жастағы Мурата (16-2, 13 КО) – WBA нұсқасы бойынша әлем суперчемпионы.

Бұдан ертерек Головкин мен Муратаның бір кардта осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өнер көрсететіні хабарланған болатын. Олардың қарсыластарының аты әлі жария етілмеді. Ал екеуінің жекпе-жегі басынан бастап Жаңа жылдың қарсаңына, 31 желтоқсанға жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар