Головкин мен Муратаның айқасы жапон боксы тарихындағы ең ірі жекпе-жек болмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жегін ұйымдастыруға бөлінген астрономиялық сома белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл жапон боксы тарихындағы жалпы бюджеті 15 миллиард иеннен (132 миллион доллар) асатын ең ірі жекпе-жек болмақ», - деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін өтетін Головкин - Мурата айқасы Жапонияның Сайтама қаласында 29 желтоқсанға жоспарланған, бірақ оған үкімет 1 желтоқсаннан бастап енгізуді көздеп отырған шетелдіктердің кіруіне шектеулер кедергі болуы мүмкін. Головкин мен Мұратаның жекпе-жегіне қатысты соңғы шешім осы аптада белгілі болады.



Соңғы жаңалықтар