Головкин мен Мартиросян жекпе-жек алдында көз арбасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) көз арбасты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин-Мартиросян кездесуі 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

Журналистерге берген сұхбатында Геннадий өзінің қарсыласына үлкен құрмет танытып, оның мықты, тәжірибелі боксшы екенін айтты.

Сонымен қатар GGG бұл кездесуде жеңістің оңайға түспейтінін айтты. Сондай-ақ ол рингке шығатынына және тап осы «Синко де майомен» жұдырықтасатынына риза екендігін жеткізді.



Фото:mmaboxing.ru

Соңғы жаңалықтар