Головкин мен Мартиросян соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы 160 фунтты көрсетті, Мартиросян 159,6 фунт болды. Осылайша, екі боксшы да орта салмақтағы шектен асқан жоқ.

Айта кетейік, олардың салмақтары кездесуге 30 күн қалғанда мынадай болған: Головкин 165,8 фунт, Мартиросян 170 фунт. Кездесуге 1 апта қалғанда Головкин 162,9 фунт, Мартиросян 167,1 фунт болды.

Головкин-Мартиросян бокс кеші 5 мамыр күні Карссондағы StubHub Center аренасында (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді.

Қазақстанда бұл кездесу 6 мамыр күні, Астана уақыты бойынша 05-30-дар шамасында басталады. Басты кездесу сағат 09-00-де болады. Әзірге жекпе-жектің қазақстандық телеарналар арқылы таратылу-таратылмауы белгісіз.

Соңғы жаңалықтар