Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі қашан болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN телеарнасының тілшісі Давид Файтельсон Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің пайымдауымша, «Канело» Головкин тағы біраз қартайып, бойынан күш кеткенше күте тұрады. Дэниэл Джейкобс та, Джермалл Чарло да емес... «Канело» қалайда Головкинмен үшінші рет айқасуға тиіс», - деп жазды Файтельсон твиттерде.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес осыған дейін екі рет жекпе-жек өткізді. Алғашқы кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, онда екеуі даулы жағдайда тең түсті («Канело» есебінде 118-110 ұпай, Головкин есебінде - 114-114, 115-113 ұпай), ал рематчта Альварес жеңіске жетті.

Альварестің өзі екінші жекпе-жекте бәріне нүкте қойылды деп есептейді, бірақ соған қарамастан егер фанаттар қаласа, үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді.   

Соңғы жаңалықтар