Головкин мен «Канелоның» тағы бір кездесуінің күні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жектен бір апта бұрын кездесетін болды, деп хабарлайды Sports.kz.

28 тамызда НВО телеарнасының «Канело» - GGG 2. 24/7″ хабарымен бірге боксшылар бірлеске баспасөз мәслихатын және жаттығуларын өткізеді. Бұл жанкүйерлер мен журналистерге ашық болады.

 TalkSport.com тілшісі Майкл Бенсонға Головкиннің промоутері Том Леффлер осылай айтқан.

Еске сала кетсек, Головкин мен «Канело» рематч алдында, шілденің басында бір рет баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Ол қашықтан, яғни боксшылар мен олардың командалары өз лагерьлерінде жүріп сөйлескен еді және Facebook арқвлв тікелей эфирде жүргізілді.,

Бұрын Альварес қарсыласын жеккөргендігі соншалық,  айқасқа небәрі бір апта қалғанда Головкинмен жеке кездесудің қажеті шамалы деп мәлімдеген.

 «Канело» - GGG II рематчы 15 қыркүйекте  Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді.

Соңғы жаңалықтар