Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Головкин мен «Канелоның» рематчы жөніндегі кездесулер басталды

2018 жылғы 16 мамыр 09:13 147
Бөлісіңіз:
Головкин мен «Канелоның» рематчы жөніндегі кездесулер басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions бас директоры Оскар де ла Хойя промоутер Том Леффлермен қыркүйекте Альварес - Головкин рематчын өткізу туралы келіссөздерді бастағанын мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.

Ұқсас жаңалықтар
GGG-дің бұрынғы қарсыластары - Альварес пен Джейкобс жұдырықтасатын болды Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегінің басты шарты мәлім болды

Оның басты шарты мексикалық спортшының VADA-ның допингке қарсы бағдарламасына қосылуы болатын. Бүгін боксшы және оның өкілі Эрик Гомес осы шарттың орындалуын ресми түрде жариялады.

«Томмен келіссөздерді бастадық. Біз рематчтың болғанын қалаймыз, бұл дұрыс іс болар еді. Әрбір мықты боксшы жыл сайын VADA-ның тексеруінен өтіп отыруы тиіс. Өйткені ол спортты тазартудың жалғыз жолы», - деді Оскар де ла Хойя ESPN.com-ға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, «Канело» мен GGG қазір бір-бірін ұнатпайтын болуы мүмкін.

«Егер жекпе-жек қыркүйекте өтсе, қызықтырақ болар еді. Енді олар бір-біріне ата жауындай қарап отыр. Егер ол қыркүйекте болса, сұмдық жекпе-жек болар еді. «Канело» міндетті түрде қыркүйекте рингке оралады. Енді шегінетін жол жоқ. Өйткені GGG айқасуды қалайды, «Канело» да үлкен жекпе-жек өткізгісі келіп отыр», - дейді Оскар.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT