Головкин мен «Канело»: Үшінші жекпе-жек туралы келіссөз тығырыққа тірелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Fightsports.tv порталының жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық әлем чемпионы Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жөніндегі келіссөз тығырыққа тірелді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл жөнінде бірінші рет Sports Illustrated өкілі Крис Мэнникс хабарлады. Қос тарап арасындағы келіссөзден нәтиже шықпады. Өйткені, Головкин айқастың Лас-Вегаста өткенін қаламайды. Өздеріңіз білетіндей, «Канело» мен Головкиннің бірінші және екінші жекпе-жегі сонда өткен. Біріншісінде екеуі тең түссе, екінші айқаста Альварес жеңіске жеткен болатын.

Қос тарап келісімге келе алмаса, өткен жылғыдай бұл жолы да Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя орта салмақтағы IBF, WBA және WBC чемпионына 14 қыркүйектегі жекпе-жек үшін басқа қарсылас іздей бастайды.

Бұл әдіс бұрын нәтижесін берсе де, бұл жолы DAZN атқарушы директоры Джон Скипперге келгенде түк шықпауы мүмкін. Ол қыркүйекте қос боксшыны кездестіріп, сервис жанкүйерлерінің санын көбейтуді жоспарлап отырған болатын», - деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар