Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жек алдында көз арбасты

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) бетпе-бет қайта кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар үшінші айқасқа бірнеше күн қалғанда MGM Grand ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған «қарсы алу салтанатына» қатысты.

Головкин мен Альварестің үшінші айқасы Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең T-Mobile Arena-да өтеді. Дәл сол жерде 2017 және 2018 жылдары қос боксшының бірінші және екінші айқастары өткен болатын. Бірінші жекпе-жек төрешілердің әртүрлі пікірімен тең аяқталса, рематчта жеңіс көпшілік дауыспен мексикалық боксшыға берілді.

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз командасымен бірге Лас-Вегасқа келгенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Айқас Qazsport телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады.


Фото: sports.kz






Соңғы жаңалықтар