Головкин мен «Канело» салмақ өлшеу кезінде төбелесуге шақ қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек алдындағы міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы 159,6 фунтты (72,39 келі), «Канело» - 159,4 фунтты (72,3 келі) көрсетті.

Салмақ өлшеуден соң боксшылар бір-бірін көзбен атысты. Мұның соңы жақсылыққа соқтырмады. Олар төбелесуге шақ шақ қалды, ал командаластарының арасында да осындай жағдай болды.

Рематч  15 қыркүйекте (Қазақстанда -  16 қыркүйекте таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді. 

Фото: www.hbo.com/boxing

Соңғы жаңалықтар