Головкин мен «Канело» рематчының шарттары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлермен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды sports.kz.

Екі боксшының өкілдері GGG мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті ұйымдастыруды өз басымдықтары деп есептейді.

«Біз дайынбыз. Оған барлық шарттар туралы айттық. Бұл шарттар бірінші жекпе-жектегідей, тек аз ғана өзгеріс енгіздік. Қазір оның хабарласқанын күтіп отырмын. Біз асықпаймыз, бірақ күтетін уақыт таяуда бітеді. Біз айдың аяғына дейін барлығын келісіп алуымыз керек», - деді Гомес.

Боксшылардың рематчы ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке жоспарланған. Головкин мен Альварес биылғы 5 мамырда айқасуы керек болған, алайда Альварестің допинг-тестен өтпей қалуына байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар