Головкин мен «Канело» промоутерлері үшінші айқасқа орай пікірлерін білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер және Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) промоутері  Эрик Гомес  үшінші жекпе-жек өткізуге  Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaның 2019 жылы 4 мамырға брондалғаны жайлы ақпаратқа байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Біз бұл датаны кейінге шегердік. Олар (Головкиннің командасы) тек топшылайды. Біз «Канело» үшін 4 мамырдағы кездесуді кейінге қалдырдық»,-деп атап өтті  Гомес.

«Бұл күнді біз емес, Golden Boy сұраған болатын»,- деп толықтырды Леффлер.

Атап өтсек,  Головкин мен «Канелоның»  алғашқы және екінші айқасы  Лас-Вегастағы  T-Mobile Arenaда өткен еді. Ал қазіргі уақытта Невада штатының Спорттық комиссиясының сайтында Golden Boy Promotions және GGG Promotions  ұйымдастырған бокс кешінің  2019 жылдың 4 мамырында болатындығы көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар