+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Головкин мен Джейкобс айқасқа бір апта қалғанда салмақтарын өлшеді

2017 жылғы 12 наурыз 08:09
Бөлісіңіз:
Головкин мен Джейкобс айқасқа бір апта қалғанда салмақтарын өлшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында өзінің қамқорлығындағы спортшының, сондай-ақ оның қарсыласы - америкалық Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) салмағын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sports.kz сайтының жазуынша, жекпе-жекке бір жеті қалғанда Головкиннің салмағы 162 фунтты (73,5 келі), америкалықтың салмағы 167,8 фунтты (76,1 келі) құрайды. Еске салайық, айқасқа 30 күн қалғанға дейін GGG - 165,1 фунт, Джейкобс 174,8 фунт болатын.

Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Ал 17 наурызда, жергілікті уақыт бойынша 09:00-де (Астана бойынша 20:00-де) боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен қайта өтеді.

Аталған жекпе-жекті қазақстандықтар 19 наурыз күні тікелей эфирден көре алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT