12:21, 06 Қазан 2019 | GMT +6
Головкин мен Деревянченко жекпе-жектен соң ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен оның қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) бүгін Нью-Йоркте өткен жекпе-жектен кейін жылдам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла Twitter парақшасында екі боксшы да баспасөз мәслихатына қатыса алмайтынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко жекпе-жегінде орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы титулдары сарапқа салынды.
Жекпе-жекте 115-112, 115-112, 114-113 есебімен GGG жеңіске жетті.