Головкин мен DAZN келісімі сынға ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Супер орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Калеб Труакс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшартын ақылға қонымсыз деп санайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

«Мен оның үш жылдық келісімшарт жасасқанына таң қаламын. Оның жасы 36-да, сол себепті мұндай келісім шынымен де таңғаларлық қой. DAZN-ның да мұндай ұзақ мерзімге келісімшарт жасағаны қызық екен», - деді Труакс Express.co.uk-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарты үш жылға арналған. Бұл мерзімде ол әр жыл сайын екеуден - барлығы алты жекпе-жек өткізеді. Алғашқы кездесу маусымда болады, алайда қарсыласының есімі мен жекпе-жек уақыты әзірге жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар