Головкин мен Әлімханұлының The Ring рейтингіндегі орны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – The Ring жаңартылған рейтингінде Головкин мен Әлімханұлының орындары белгілі болды. Танымал басылым барлық салмақ дәрежесіндегі жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Орта салмақта өзгеріс болмаған: бірінші орында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин, одан кейін үштікті америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде тұйықтап тұр. Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы бұрынғыша жетінші орында.

Төрттен онға дейінгі орындарға мына спортшылар жайғасқан:

4. Сергей Деревянченко (Украина)

5. Риота Мурата (Жапония)

6. Хайме Мунгия (Мексика)

7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

8. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания)

10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).


Соңғы жаңалықтар