Головкин мен Әлімханұлы ESPN рейтингінің үздік ондығына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN телеарнасының сайты барлық салмақ санатындағы боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің екінші орнын, ал Жәнібек Әлімханұлы сегізінші орнын сақтап қалды. Бұрынғыша рейтингіде WBC титулының иегері АҚШ боксшысы Джермалл Чарло көш бастап тұр.

ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік ондық төмендегідей:

1 (1). Джермалл Чарло (АҚШ)

2 (2). Геннадий Головкин (Қазақстан)

3 (3). Деметриус Андраде (АҚШ)

4 (4). Риота Мурата (Жапония)

5 (5). Хайме Мунгия (Мексика)

6 (6). Сергей Деревянченко (Украина)

7 (7). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

8 (8). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

9 (-). Эрисланди Лара (Куба)

10 (9). Эскива Фалькао (Бразилия).


Соңғы жаңалықтар