Головкин мен Әлімханұлы әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына енді

None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингте украиналық боксшы Александр Усик көш бастап тұр. Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ. Ал үшіншісі сатыда - мексикалық Сауль Альварес.

Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингісінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.
Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы - осы дивизионда WBO чемпиондық белдігінің иегері.

Соңғы жаңалықтар