Головкин мен Альварестің реваншы өтуі мүмкін стадион анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер Америка Ұлттық футбол лигасының «Даллас Ковбойз» клубының аренасы AT&T Stadium Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің мамырда өтетін реваншын сәтті қабылдайды деп есепетейді, деп хабарлайды Sports.kz.

Daily Mail Леффлердің «Даллас тартымды вариант болуы мүмкін. «Уэмблиде» жұдырықтасқан Энтони Джошуа мен Владимира Кличконың 90 мың адам жинағанын көрдік. «Ковбойлар» стадионында 100 мың адамның көз алдында болатын айқас айтулы оқиға болар еді», - деген сөзін жариялады.

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар