Головкин мен Альварестің рематчын әлемнің 150 елі көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер GGG мен «Канелоның» қарымта жекпе-жегі қандай елдерде көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварестің әлемде фанаттары көп. Әрине, бірінші кезекте жекпе-жекті Ұлыбритания көрсетеді. Өйткені Геннадидің ағылшын жанкүйерлері көп. Орта салмақтағы мықты боксшылардың рематчын әлемнің кем дегенде 150 елі көрсететін болады», - деді Леффлер.

«Канело» - GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

Соңғы жаңалықтар