Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі: билет құны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке билеттер келесі аптада сатылымға шығарылады, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.

Ең арзан билеттің құны - 300 доллар, ең қымбаты - 6000 доллар тұратын болады. Орташа бағасы - 800 доллар.

Белгілі болғандай, жекпе-жек Лас-Вегас қаласында жергілікті уақыт бойынша 15 қыркүйек күні сағат 17:00-де өтеді. Астана уақытымен 16 қыркүйекте таңғы 6:00-де басталады.

Головкин мен Альварес T-Mobile аренасында кездеседі. Қазақстандық боксшыға реванштан шамамен 40 миллион доллардан астам қаражат түсуі мүмкін. Де Ла Хойяның айтуынша, Головкинмен бір мәмілеге келу үшін жетпей тұрған соманы қалтасынан бөлуіне тура келген. 

Соңғы жаңалықтар