Головкин мен Альварестің айқасы 16 қыркүйек күні өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, 69.9 келі салмақ дәрежесіндегі мексикалық Сауль «Канело» Альварестің айқасы 16 қыркүйек күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы "Канело" кіші Хулио Сезар Чавесті жеңгеннен кейін, Головкинді рингке шақырып, екеуінің жекпе-жегі қыркүйекте өтетіні туралы мәлім етті.

«Бұл жолы басқа оқиға болады. Қыркүйекте Big Drama Show болады. Бүгінгідей ұлы айқас болғалы тұр.  Саульді бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Ол менің мансабымдағы ең үздік қарсыласым болады. Қыркүйекті күтіңіздер. "Канелоға" не деймін? Қыркүйекте кездескенше!» - деді Головкин рингте комментатор және HBO жүргізушісі Макс Келлерманның сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, 26 жастағы "Канело" кәсіпқой рингте 49 рет жеңіске жетіп, 1 рет жеңілген және 1 рет тең нәтиже көрсеткен. Ал, 37 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 37 рет жұдырықтасып, ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы.  

Соңғы жаңалықтар