Головкин мен Альварес жекпе-жектен қанша табыс тапқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Daily Mail басылымы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің Лас-Вегаста өткізген жекпе-жектен алған ақшасының нақты мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Ресурстың хабарына сүйсенсек, Головкиннің табысы 25 миллион долларды құраған (18,5 миллион фунт стерлинг), ал Альварес 35 миллион доллар көлеміндегі табысқа ие болған (25,9 миллион фунт стерлинг). Осы орайда GGG және «Канелоның» базалық табысы о баста сәйкесінше 3 және 5 миллион доллар деп бағаланғанын айта кетейік. Бұған айқас билеттері мен ақылы трансляциядан боксшылардың алатын үлесі кірмейді. Головкин мен Альварестің жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтіп, тең нәтижемен аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар