Головкин мен Альварес тағы да тең түседі - Бақтияр Артаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев алдағы реваншқа қатысты өз болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шыны керек, екінші жекпе-жекке де объективті тұрғыда қарау қажет қой. Алдағы реванш тағы да тең аяқталатын сияқты. «Неге?» деген сұраққа жауап бермей-ақ қояйын, бірақ бұл - менің жеке ойым, болжамым, көзқарасым. Жекпе-жек солай аяқталады», - деді Б.Артаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның ойынша, реванштың шешімі өтетін жеріне байланысты емес. Екінші жекпе-жек Лас-Вегаста өте ме, Нью-Йоркте ұйымдастырыла ма, бәрібір боксшылар тең түседі. Осыдан кейін олар үшінші жекпе-жекті де өткізбеуі де әбден мүмкін.

«Осы жолғы келісімшартта реванш туралы ештеңе жазылмаған. Негізі, екеуі де өз атақтарын сақтап қалса, үлкен абырой ғой. Сондықтан үшінші жекпе-жек өтпеуі де мүмкін. Реваншта нокаут болмайды. Өйткені екеуі де мықты боксшы. Келесі жекпе-жек Лас-Вегаста болатын шығар. Себебі ол жақта халық көп жиналады. Үлкен шаралар жиі ұйымдастырылады», - деп атап көрсетті Б.Артаев.

Айта кетейік, бүгін Головкин мен Альварес реванштың өтетінін ресми түрде жариялады. Ал олардың промоутерлері қарымта жекпе-жекті өтетін жері мен одан түсетін табысқа болжам жасады.

Соңғы жаңалықтар