Головкин мен Альварес кездесетін аренада Мэйвезер мен Макгрегор жұдырықтасатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC президенті Дана Уайт кіші Флойд Мэйвезер мен жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор Макгрегормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келгендігін жария етті, деп хабарлады sports.kz.

Уайт ESPN телеарнасында мәлімдеме жасап, аталмыш кездесудің 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетіндігін жария етті. Жекпе-жек 154 фунт (69,9 кг) салмақ дәрежесінде өтіп, 12 раундқа созылады. Екі спортшы да USADA-ның допинг-тестінен өтеді.

Екі спортшыға да Невадада бокс лицензияларын алу керек, Конор өтінішті мамыр айында беріп қойған. Невада штатының спорт миссиясының жетекшісі өзінің болжамын айтты, мәжілісте оның өтініші қанағаттандырылмақ.

Айта кетейік, тап осы аренада 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кездесуі өтеді.

Соңғы жаңалықтар