Головкин, Леффлер және Роллс DAZN-дағы алғашқы жекпе-жек туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин, оның промоутері Том Леффлер және қарсыласы Стив Роллс алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА vringe.com-ға сілтеме жасап.

«Осы тамаша аренаға қайта оралуға мүмкіндік туғанына (соңғы рет 2017 жылдың наурызында осы жерде америкалық Дэниел Джейкобсты жеңген) және жанкүйерлерге «Биг драма шоудың» кезекті сериясын ұсынатыныма қуаныштымын. Мен боксты сүйемін. Роллспен болатын айқас жақсы өтуі үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін», - деді Геннадий Головкин.

«DAZN мен Головкинге тамаша мүмкіндік үшін алғыс айтамын. Әлемнің үздік боксшыларының бірімен жұдырықтасу мүмкіндігін алдым. Мен бұрын Канада чемпионатында жеңіске жеткенмін, әлемдік ареналарда өз елімнің атынан шықтым. Ал Головкин жай ғана адам. Оны жеңіп, өз есімімді осы дивизионның үздік боксшылары тізіміне енгіземін», - дейді Роллс.

«Біз көптеген боксшыларды қарап шықтық. DAZN өкілдері Роллстың кандидатурасын мақұлдады. Өйткені ол канадалық, ал олар осы брендті өз елінде танымал етпек. Бұл да факторлардың бірі болды. Дегенмен тоқетерлік шешім қабылдауға түрткі болған негізгі жайт Роллстың бұрын жеңіліп көрмегендігі болды», - дейді Лёффлер.

Соңғы жаңалықтар