Головкин командасындағы бапкерлер мен менеджерлер қанша жалақы алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingscene.com сайтының авторы Стивен Эдвардс қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің командасында жалақы қалай төленетіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Эдвардстың айтуынша, Абель Санчес Головкиннің гонорарынан бекітілген ставкасын 10%-дан 2%-ға дейін төмендетуден бас тартып, дұрыс шешім қабылдады.

«Өзін жоғары бағалайтын бапкердің жалақысы жоғары болуы керек, сол кезде ол бекітілген 10%-дан төмен ала алады. Мәселен, боксшы 10 миллион доллар табыс табатын болса, жаттықтырушыға 750 мың доллар төлейді, яғни 7,5%. Өз басым бапкерге 2% төлейді дегенді естімеппін. Гонорары жеті, сегіз таңбалы сандарға жеткенше, жалақы төмендегідей бөлінеді: 10% - бапкерге, 5% - бапкердің көмекшісіне, 2% - физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушыға. Шамамен осылай. Кейбір бапкерлер мен промоутерлер 10%-дан көп алатыны мені таңғалдырады. Әділ промоутерлер табысты келесідей бөледі: 80% - боксшыға, 20% - өзіне. Бұл әділ болғанда. Ал шындығында 50 де 50 де кездесіп жатады. Заң жүзінде менеджерлер, командаға төленетін болса, 40% немесе 33,3% ала алады. Сондықтан промоутерлер мен менеджерлердің бапкерден көп алатыны менің күлкімді келтіреді. Менеджердің жұмысы - боксшыға жақсы қарсылас таңдау. Әдетте менеджер бапкерді шақырып алып, одан осы қарсыластан басым түсе ала ма деп сұрайды. Осылайша, бапкер тәлімгерліктен бөлек, менеджердің қызметінің бір бөлігін де атқарады», - деп жазады Эдвардс.

Айта кетейік, 8 маусым күні Геннадий Головкин алғаш рет жаңа бапкер Джонатон Бэнкстің басшылығымен канадалық Стив Роллспен жекпе-жекке шығады.

Букмекерлердің пайымдауынша, Головкиннің жеңісіне коэффициент - 1.01, Роллс жеңісіне - 19, тең түседі дегенге - 34.

Соңғы жаңалықтар