Головкин кіші Чавеспен жекпе-жекке шығу үшін салмақ дәрежесін ауыстыруға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы және WBC нұсқасы бойынша 72,6 келі салмақ дәрежесінде уақытша чемпион Геннадий Головкин мексикалық Хулио Сесар кіші Чавеспен жекпе-жекке шығу үшін 76,2 келіге дейінгі салмаққа ауысуға дайын. Бұл кездесу ақылы түрде, pay-per-view жүйесі бойынша көрсетіледі.

Бұл жөнінде sports.kz хабарлады.

Ол 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Андре Уордпен айқасу үшін салмақ дәрежесін ауыстыруға қызығушылық танытпайтынын қосып айтты. Головкин өзінің кәсіби қызметінде 31 рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген. Кіші Чавестің қанжығасында 48 жеңіс пен бір жеңіліс бар.

«Мен ақылы түрде көрсетілетін Чавеспен айқас үшін салмақ дәрежемді ауыстыруға келістім. Уордпен кездесу үшін ондай қадамға бармаймын. Мүмкін, болашақта ондай ұсынысты қабыл алармын», - дейді Головкин boxing247.com-ға берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар