Головкин Қазақстан құрамасына ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатында жеңіс тіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы мен Ауыр атлетика федерациясының президенті Рашид Түсіпбековке бүгін Алматы қаласында басталғалы отырған әлем чемпионатында жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді, деп хабарланды Вконтактедегі GGG парақшасында.

Айта кеткен жөн, Карсонда мексикалық Марко Антонио Рубионы жеңген сәтте Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Геннадий Головкинді алғаш құттықтағандардың бірі болған еді.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматыда 8-19 қараша аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар