Головкин қарсыласына 521 соққы жасап, 5 раундта басым түскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox (Computerized punches scoring system) Головкин - Алварес трилогиясының статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат boxingscene-ге сілтеме жасап.

CompuBox-тың статистикасына сәйкес, Головкин 12 раундта 521 соққы жасап, оның 120-сын дәл тигізген (23%). Ал, Альварес 487 жұдырық сілтеп, оның 130-ын дәл тигізген (26,7%).

Джеб (Jab) соққысы арқылы танымал отандасымыз әлі де басым екенін көрсетті. 12 раундта Головкин қарсыласқа 350 джеб сілтеп, 74-ін дәл тигізген (21.1%). Альварес 270 джеб соққысын жасап, 45-ін тигізген (16,7%).

Ауыр соққылар бойынша, GGG қарсыласына небәрі 171 ауыр соққы жасап, 46-сын дарытқан (26.9%). Ал, «Канело» 217 ауыр соққы бағыттап, 85-ін дәл тигізген (39.2%).

Әр раундтағы соққылар саны бойынша отандасымыз 6 раундта басым болғанымен, дәлдік жағынан қарсыласына жол берді.

Сонымен қатар, boxingscene үш төрешінің ресми ұпай карталарын жариялады.

Үш жекпе-жекте төрешілік еткен Дэйв Моретти 116:112 ұпай беріп, Головкин 4 раунд басым болды деп санайды. Ал, Стив Вайсфельд және Дэвид Сузерленд 115:113 ұпаймен, қазақстандық боксшы 5 раундта жеңіске жетті деп есептейді.

Еске салсақ, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша мекискалықтың пайдасына шешілді.
Соңғы жаңалықтар