Головкин қарсыластарына кейде жаны ашитынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин кейде қарсыластарын аяйтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин осыған дейін кәсіпқой бокста 41 жекпе-жек өткізіп, 39 рет жеңіске жеткен (35 нокаут), бір рет тең түсіп, бір рет жеңілген.

Дэн Патрик шоуына барған Головкиннен журналистер қарсыластарыңызға жаныңыз аши ма деп сұрады.

«Кейде ашиды. Кейде жекпе-жек аяқталған соң солай болады. Қарсыласыма қарап, оның қаншалықты ауыр халде екенін түсінемін», - деп жауап қайырды қазақстандық боксшы.

Соңғы жаңалықтар