+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Головкин — «Канелоның» үшінші айқасы өтуі ықтимал мерзім жарияланды

2021 жылғы 31 шілде 12:04
Бөлісіңіз:
Головкин — «Канелоның» үшінші айқасы өтуі ықтимал мерзім жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақта IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкинмен және екінші орта салмақ санатында WBA, WBO және WBC титулдарының иегері Сауль «Канело» Альвареспен жұмыс істейтін промоутер Эдди Хирн Sports Illustrated-ке берген сұхбатында биылғы жылдың қыркүйек айында олардың үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингілердегі орны Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер шаршы алаңға шығады

Бастапқыда Альварес 18 қыркүйекте екнші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін IBF белбеуінің иегері Калеб Плантпен жұдырықтасуды жоспарлаған еді, алайда, олардың келіссөздері сәтсіз аяқталды.

Журналист Крис Мэнникс Matchroom Boxing басшысынан оның орнына GGG және «Канелоның» үшінші айқасын өткізу мүмкін бола ма деп сұрады.

«Жоқ, мен бұл жекпе-жек қыркүйекте болуы мүмкін екеніне сенбеймін. Геннадий Муратамен желтоқсандағы айқасқа дайындалғанын білемін. Головкин – «Канело» 3 жекпе-жегі екеуі де рингте өнер көрсеткенше қашан да өзекті болады, ол келесі жылдың мамыр айында болуы мүмкін деп ойлаймын. Бірақ менің ойымша, біздің келесі шешіміміз «Канело» 18 қыркүйекте жұдырықтаса ма, әлде біз биылғы жылы тағы бір жекпе-жек өткізіп, Плантпен жекпе-жектің бағытын өзгерте ме жоқ па, сол болмақ», — деп жауап берді Хирн.

Еске сала кетейік, Головкин мен Муратаның айқасы Рождествода (28 желтоқсанда) өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT