Головкин «Канелоны» жеңсе, кіммен жекпе-жекке шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы  Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер өзінің шәкіртінің мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болатын рематчтан кейінгі перспективасы туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz. 

«Егер Головкин 15 қыркүйекте жеңетін болса, онда ол орта салмақтағы  үздік чемпион болады және жағдайдың қалай болатынын көреміз. Джермалл Чарло бар. Сондай-ақ, Деревянченко - Джейкобс мен Сондерс - Андраде жекпе-жектерінің жеңімпаздары және Бенавидес, Джеймс Дигейл сынды спортшылар бар», - деді Леффлер.

Айта кетейік, «Канело» - GGG рематчы биыл 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

Соңғы жаңалықтар