Головкин «Канелоны» қалай жеңгісі келетіндігі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жекпе жегі туралы айтты, деп жазады Sports.kz.

«Мен чемпионмын, соған өзімді дайындадым. Мені қарсыласымды нокаутпен жеңу жағдайы қанағаттандырады. Мен сол кезде ғана өзімді 100 пайыз бақытты сезіне алатын боламын»,- деді Головкин UCNLive.com.-ға берген сұхбатында.

«Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

.

Соңғы жаңалықтар