Головкин «Канеломен» үшінші айқастың шартын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші айқасты өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшылардың бірінші жекпе-жегі былтыр Лас-Вегаста өтіп, тең нәтижемен аяқталған. Ал, екінші жекпе-жек сол жерде 15 қыркүйекте болады.

«Мен боксшымын, дәл қазір бар күшімді салып, екінші айқасқа дайындалып жатырмын. Мен промоутер емеспін.   Бірақ, екеуміздің де денсаулығымыз жақсы болып, барлығы ойдағыдай аяқталса, неге ұйымдастырмасқа? Бәрі де мүмкін», - деді Геннадий баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда Головкин - Альварес II бокс шоуы 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да басталады. Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар