Головкин «Канеломен» үшінші айқасқа қандай өзгерістер енгізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ESPN-ге берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен  (49-1-2, 34 КО) өтуі ықтимал үшінші жекпе-жек алдында қандай өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен көптеген айқастарды жоғары деңгейде өткіздім. Мүмкін, жылдамдықта, стратегияда аздаған өзгерістер болған шығар... Және сондай-ақ келесі жолы қаланы өзгерткім келеді: Вегас емес, басқа бір қалада болуы мүмкін», - деп бөлісті Головкин.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Еске салайық, олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған еді. 

Соңғы жаңалықтар