Головкин «Канеломен» трилогиясына дайындығын көрсетті
2022 жылғы 24 маусым 13:40

Головкин «Канеломен» трилогиясына дайындығын көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBA Super және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37КО) супер орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39КО) үшінші жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

GGG Instagram-дағы жеке парақшасында АҚШ-тағы жағажайда өткізіп жатқан жаттығуынан фото және видео жариялады.

Еске салайық, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек биылғы 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobele аренасында өтеді. Қос боксшының бұған дейінгі екі кездесуі де осы жерде ұйымдастырылған еді.

«GGG» - «Канело» айқасына арналған баспасөз конференциясы 24 маусымда Лос-Анджелесте өтуі тиіс. Ал екіншісі 27 маусымда Нью-Йоркте ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT