Головкин «Канеломен» реванштан 40 млн доллар табыс табуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин мен «Канело» арасындағы екінші жекпе-жектің қаржылық мәліметтері жарияланбауда. Дегенмен, боксшылар бірінші айқасқа қарағанда әлдеқайда көп табыс таба алады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА espn.com сайтына сілтеме жасап.

«Енді бокстағы ең үлкен жекпе-жек болатын реванш өтеді. Головкин мен Альварес былтыр қыркүйекте T-Mobile аренада кездесіп, әсіресе Головкин үшін даулы нәтижемен аяқталған еді. Биылғы реванш та сол жерде өтпек. Сол жекпе-жекті көру үшін 1,3 миллион  ақылы сатып алу жасалды және билеттердің саудасынан 27 миллион доллар пайда түсті. Бұл - бокс тарихындағы үшінші көрсеткіш. Адамдардың көпшілігі реванштық айқас осы екі цифрадан асып түсіп, Головкин 40 миллионнан астам доллар табыс табатынын айтуда», - деп жазды басылым.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

Соңғы жаңалықтар