Головкин «Канеломен» рематчты өзгеше өткізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Екінші айқасымызды көптеген адам көретін болады. Бірінші айқастың тәжірибесінен ойға түйгендерім бар. Сондықтан екінші айқасымды аздап өзгертемін. Өзгертуім керектігін білемін. Қазір мүлдем басқа жағдай, бөлек эмоциялар, басқа бизнес-келісім, бәрі өзгеше. Ең бастысы,  15 қыркүйек күні жекпе-жек болады - бұл мексикалықтар үшін ұлы күн - Мексиканың Тәуелсіздік күні. Біз үшін бұл үлкен айқас. Кім жеңеді? Бұл бокс, мұнда бәрі болуы мүмкін. Әрқайсымызда мүмкіндік бар. Кездесуді асыға тосып жүрмін. Себебі ол бокс әлеміндегі ең үлкені. Оның төрешілер жағынан және біздің тарапымыздан анағұрлым кәсіби болатынына үміттенемін. Бұл адамдар үшін үлкен сый болады», - деді Головкин.

Еске салайық, Головкин-Канело алғашқы кездесуі 2017 жылдың 16 қыркүйегі күні Лас-Вегаста өткен болатын. Жекпе-жек тең аяқталды. Рематч аталмыш қалада биылғы 15 қыркүйекте өтетіні жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар