Головкин «Канеломен» қарымта жекпе-жекке дайындықты бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) жақын күндері мексикалық спортшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы қарымта жекпе-жегіне дайындықты бастайды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Біз дайындықты келесі айдың басынан бастаймыз. Геннадий оған бар күшін салын дайындалатын болады», - деді Санчес.

«Канело» - GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

Соңғы жаңалықтар