Головкин «Канеломен» екінші айқаста қанша алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль «Канело» Альварестің мүддесін қорғайтын промоутер Оскар де ла Хойяның айтуынша, егер Геннадий Головкин көп қаржы төленетін мексикалыққа қарсы жекпе-жекке келіспесе, ол IBF талабын орындау үшін аз ақы алып Сергей Деревянченкомен айқасуы керек, деп хабарлайды Sports.kz.

«Не істейміз, тіптен жақсы, IBF-тің міндеттеген үміткерімен айқассын. Оның 11-ші кәсіби айқасы сияқты. Келісім жасап, өзінің 1,5 миллионын алсын. Оған [Головкин үшін] басқа тиімді мәміле жоқ. Ол «Канелодан» жеңіліп қалудан қорқады. Біз жекпе-жекті ұйымдастыру үшін тағы не істеуіміз керек? Ол мұндай жекпе-жектен 20 миллионнан астам қаржы табады. Бұдан ол, алғашқы айқаста кеткен есесін қайтарып, жанкүйерлерінің көргісі келетін жекпе-жегін ұсынады. Біз барлық талапты орындап отырмыз, оның тағы тағар қандай кінәсі бар?», - деді Оскар The Ring-ке берген сұхбатында. 

Соңғы жаңалықтар