Головкин «Канеломен» айқастың Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рематчтың өз отаны үшін қаншалықты маңызды екеніне баға берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл айқас Қазақстан және қазақстандық жанкүйерлер үшін өте-өте маңызды. Себебі, қазір біз - чемпиондармыз. Біз дұрыс жақтамыз. Біз өз намысымыз бен титулымызды қорғайтын боламыз. Бұл мен үшін маңызды жекпе-жек. Мен мұның мирас екенін түсінемін», - деді Генннадий Головкин.

Головкин мен «Канелоның» бірінші айқасы 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Рематч 15 қыркүйекте сол жерде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар