Головкин «Канеломен» айқасқа дейін басқа қарсыласымен жекпе-жекке шығуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) промоутері Эдди Хирн өз клиентінің күрделі жағдайын «түзетуден» үмітті, деп хабарлайды Sports.kz.

Хирннің ойынша, Головкинге алдымен поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО), ал мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) — британдық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) кездесуі тиіс.
Тек осыдан кейін ғана Геннадий «Канеломен» үшінші жекпе-жегіне шыға алады.

«Егер бокс қазанда немесе қарашада өткізілмесе, «Канело» бірден Головкинмен үшінші айқасына ауысар еді.
Көреміз, біз бұл жекпе жекті шілдеде немесе қазанда ұйымдастыра аламыз ба. Егер бұл қарашаға дейін іске аспаған жағдайда «Канело» болуы мүмкін барлық айқастың ішінен ең мықтысын таңдайтындығы сөзсіз», -деп мәлім етті Хирн.


Соңғы жаңалықтар