Головкин «Канеломен» ашық жаттығу қай күні өтетінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек алдынан өткізетін ашық жаттығуының видеоанонсын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қосылыңыздар! Ашық жаттығу 26 тамызда болады. Кіру тегін!», - деп жазды Головкин Туиттердегі парақшасында.

Ашық жаттығуды журналистер мен жанкүйерлер Лос-Анджелестегі Banc of California стадионынан тамашалай алады.

Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутерлері - Том Леффлер мен Оскар де ла Хойя да боксшылардың 26 тамызда ашық жаттығу өткізетінін мәлімдеген.

Жаттығу жергілікті уақытпен 14:00-де (Астана уақытымен 27 тамыз күні 01:00-де) басталады.

«Канело» - GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Соңғы жаңалықтар