Головкин «Канелодан» кейін кіммен айқасқысы келетінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен екінші айқастан кейін рингте кіммен кездескісі келетінін, сондай-ақ кәсіби мансабындағы басты мақсатын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен кіммен айқасқым келеді? Бұл менің промоутерім Том Леффлерге бағытталатын сұрақ деп ойлаймын. Көптеген таңдаулар бар. WBC - Чарлоны, WBA - Мұратты ұсынып отыр, бірақ дәл қазіргі сәтте келесі қарсыласым Сондерс болуы мүмкін... Неге айқаспасқа? Мен барлық белбеулерді алғым келеді. Менің мақсатым - барлық титулдарды жинау», - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingscene.com.

Еске салайық, GGG 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobele Arena-да «Канеломен» екінші рет айқасады.

Соңғы жаңалықтар