Головкин-Канело жекпе-жегіне билеттер қалай сатылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің көптен күткен рематчына екі аптадан аз уақыт қалса да, сатылымда билеттер әлі де  жетерлік. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AXS.com билет операторының дерегіне сәйкес, қазіргі таңда сатылымда - 700, 800, 1000, 1500, 2000, 2500 және 5000 долларлық билеттер бар. Бір адамның қолына сегіз билетке дейін берілуде.  

Осыған қарамастан, Головкин мен «Канелоның» промоутерлері Том Леффлер мен Оскар де ла Хойя 15 қыркүйекте T-Mobile Arena-да аншлаг болатынына сендіруде.

1XBET букмекерлік кеңсесі GGG-Канело екінші жекпе-жегіне мынадай коэффициенттер беруде: Головкиннің жеңісі - 1.64, «Канелоның» жеңісі - 2.464, тең нәтиже - 20.

Еске салайық, бірінші айқас 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді. 

Соңғы жаңалықтар