Головкин-Канело жекпе-жегі 2017 жылы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя өз клиенті мен Геннадий Головкин арасындағы болуы бек мүмкін жекпе-жек жайлы өз пікірін білдірді, деп жазды Sports.kz Boxingnewsonline.net сілтеме жасап.

- Халықтың Головкин - Канело айқасын өткізуді сұрап жүргеніне бір жылдан асты. Олар Пакьяо - Мэйвезер жекпе-жегін сегіз жыл күткен. Канело мен Головкиннің кездесуі келесі жылға жоспарланған. Біз дайын болған күні кездесуді өткізу күнін белгілейміз. Канело 154 фунтта жұдырықтасып жүр, ал Головкин - 160. Канело 160 фунтта айқасуға дайын болған кезде, біз кездесуді ұйымдастырамыз, - деді де ла Хойя.

Головкин мен Канело биылғы қыркүйек айында рингте кездеседі деп күтілген еді, алайда мамыр айында мексикандық боксшы WBC белбеуінен бас тартты, сол себепті олардың жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйек айына қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар