Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегінің өтпеуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Fightnights.com сайтының жазуынша, жанкүйерлер Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші айқасты күте алмауы мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның деректеріне қарағанда, мамыр айында «Канело» суперорта салмақта WBO чемпионы атанған отандасы Хильберто Рамиреспен (39-0, 25 КО) кездеседі. Альварес осы дивизионда тағы бір-екі жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, сәуірде 37-ге толатын Головкинмен үшінші айқасты өткізу мүмкіндігін азайтады.

«Егер Альварес 168 фунттық дивизионды біріктіріп жекпе-жек өткізе берсе, Головкинмен үшінші кездесу түбінде бола ма, жоқ па соны бақылап отырудың өзі бір қызық дүние емес пе», деп жазады Fightnights.com авторы Райан О'Хара.

Еске сала кетейік, желтоқсанда «Канело» Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) жеңіп, суперорта салмақта WBA чемпионы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар