Головкин - «Канело» үшінші жекпе- жегінің басты шарты аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingscene.com сайты Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші айқас көрерменсіз өтуі мүмкін емес екендігіне сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Үшінші жекпе-жектің өтетін күні мен орны әлі өзгеруі де мүмкін, бұл жанкүйерлерге стадиондар мен ареналарға қайтадан жиналуға рұқсат берілуіне байланысты. Деңгейі төмен кездесулерден ерекшелігі — Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші айқас үлкен табыс әкеледі, сондықтан оны фанаттардың қатысуынсыз ұйымдастырған орынсыз», - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта короновирус пандемиясына байланысты бүкіл әлем бойынша спорттық және басқа да ауқымды іс-шараларға тыйым салынған. Ал Головкин мен Альварес арасындағы үшінші кездесу өтуі тиіс АҚШ-тағы жағдайға келетін болсақ, соңғы деректер бойынша онда коронавирусты жұқтырғандар саны 867 105 жетіп отыр (44 464 адам қайтыс болған).


Соңғы жаңалықтар