Головкин - Канело үшінші жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі.

Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ.

Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді.

Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін.

Бұл - қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ.

Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.


Фото: i.pinimg.com
Соңғы жаңалықтар